Неліктен Бұрындық хан қазақ тарихынан өзінің лайықты орнын ала алмады? / Казахи / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены.












Казахи



Основные темы: история и традиции; менталитет и особенности; наши за рубежом; родственные связи; дружба между народами.

Блог kazakhs
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Неліктен Бұрындық хан қазақ тарихынан өзінің лайықты орнын ала алмады?

Керей мен Жәнібектен соң іргесі бекіген Қазақ Ордасының тағына Керейдің ұлы Бұрындық отырды. Заманымыздың заңғар тарихшы-жазушысы М. Мағауин  «Жәнібек өлгеннен соң аға баласы ретінде Керейдің ұлы Бұрындық хан көтерілді» дейді (Қазақ тарихының әліппесі. Алматы-1995). (Мұхамед Хайдар Дулатидің  өзінің атақты «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде  Керейден кейін хан тағына оның ұлы Бұрындық отырды деп көрсетеді).

Қалай болғанда да, атақты тарихшы Т. И. Сұлтановтың пікірі бойынша 1473-74 жылдардан бастап  Бұрындық хан билік құра бастады (Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в XV-XVII вв. (вопросы этнической и социальной истории). Москва, Главная редакция восточной литературы, 1982.).

Бұрындықтың туған жылы белгісіз. Ал, қайтыс болған жылын зерттеушілер -1511 ж. деп көрсетіп жүр.

Алып күштің иесі Бұрындық хан 40 жылға жуық ел басқарды.

Ол таққа отырмай тұрып-ақ, қазақ қолын бастап, алғаш Әбілқайырдың ұлы Шейх Хайдарға, онан соң немересі  Мұхаммед Шайбаниге қарсы күресте ерекше ержүректігімен көзге түсті.  Бұрындықтың осы кезеңдегі айтарлықтай ірі әскери-саяси жеңісі, кезінде атасы Әбілқайырды таққа отырғызған маңғыттардың көмегімен таққа отырғалы жатқан Мұхамед Шайбанидің «торқалы» тойын бұзуы болды. Әбілқайыр ханның көкжал немересі М.Шайбанидің таққа отырғалы жатқанынан құлағдар болған Бұрындық, қасына Жәнібектің Қасым бастаған ұлдарымен қоса 50 мыңдық қолмен жеткен олар, Шайбани әскерін біржола талқандай алмағанмен, маңғыт –шайбанидтер одағын ыдыратып жіберді (Камал-ад-дин Бинаи өзінің «Шайбани-наме» атты еңбегінде Бұрындық пен Қасым бастаған 50-мыңдық қазақ қолы маңғыт-ноғай мырзасы Мұса мен М.Шайбани әскерлерінен жеңіліп, қашуға мәжбүр болды деп көрсетеді). Бірақ, қалай болғанда да, кейінгі оқиғалардың өрбуіне қарап, күш алып келе жатқан қазақтардан сескенген маңғыт көсемдері М.Шайбаниден бойларын аулақ ұстап, қазақтармен одақтасуға әрекет жасай бастағанын шамалауға болады. Осы оқиғадан соң, Бұрындық бастаған қазақтар Ақсақ Темір ұрпақтары мен шайбанидтердің қолына алма-кезек өтіп тұрған  Сыр бойындағы қалаларға ат басын бұрды.

Әсіресе, Түркістан өңірі  үшін 1490 жылдардың ортасында болған ұрыстар барлық мүдделі тараптар үшін ауыр болды. Саяси ойынға шебер  М. Шайбани өз қарсыластарын бір біріне айдап салудың шебері еді. Қазақ билеушілерінің арасына жік салу мақсатында, ол  өзінің ең басты дұшпаны қазақтардың ханы – Бұрындықпен де жақындасуға ұмтылып, Бұрындықтың  2 бірдей қызы шайбанидтерге ұзатылды. Өз кезегінде Жәнібектің ұлдары  Моғолстан  билеушілерімен құдандалы болып, Әдік сұлтан Моғолстан билеушісінің қарындасына үйленді. Бұл Керей мен Жәнібек ұрпақтарының арасына түскен алғашқы сызат еді.

Дегенмен, әлі де қолындағы билікті мығым ұстаған Бұрындық ханның  үш жақты (Ақсақ Темір ұрпақтары, шайбанидтер және Моғолстан)  жүргізген әрекеттерінің  нәтижесінде, XV - ғасырдың соңына қарай, Сыр бойындағы қалалардың көпшілігі және Сауран, Сығанақ, Созақ, Қаратау өңірі, Орталық Қазақстан түгелге жуық түпкілікті  Қазақ хандығының қол астына өтті.

Осы қалалар үшін жүргізген соғыстарда  Бұрындық хан жүргізген барлық ұрыстарға қатысып, қанаттары қатайған Жәнібек ханның  9 ұлы халық арасында үлкен беделге ие болды. Олардың арасында шоқтығы биігі болашақ қазақ ханы Қасым сұлтан еді. Бұрындық пен Қасымның бәсекелестігі ешқашан көзге анық ұрып тұратын жаулыққа барған емес. Терең ақыл иесі Қасым сұлтан, алып күш иесі Бұрындық ханнан бойын аулақтау ұстауға тырысты. Тек маңызды мемлекеттік мәселелер болмаса, хан ордасына жиі келе бермей, өз сағатын күтіп, хандықтың шалғай шеттерінде көшіп-қонып жүрді.

XVI- ғасырдың басында бұрынғы Ақсақ Темір иелігін тегіске жуық бағындырып, күшін еселеген  М. Шайбани 1506 -10 жылдары  қазақтарға қарсы төрт рет жорық ұйымдастырады.

Фазлаллах ибн Рузбиханның «Михман-наме-и Бухара» атты еңбегінде «М.Шайбани 1507 жылдың соңына қарай бүкіл Мәуреннахр мен Қорасан өңірін өзіне бағындырып, 1508 жылы солтүстігі Сырдария, оңтүстігі Қандағар, батысы Каспий теңізі, шығысы Қытайға дейін ұлан-ғайыр аймақ Мұхамед Шайбанидің қол астына қарады» деп  көрсетілген.

Яғни, енді М.Шайбанидің көздегені өзінің атасы Әбілқайырдың иелігіДешті Қыпшақ жерін қайтару еді.

М.Мағауиннің айтуынша, осы жорықтардың ішіндегі ең жойқыны  1509 ж. болды. Қақаған қыста Сыр үстіндегі мұзбен өткен М.Шайбани әскері Қасым сұлтанның  қамсыз отырған туған бауыры Жаныш сұлтанға бағынышты қазақтарды қырғынға ұшыратады. Осы шайқаста Жаныш сұлтанның барлық әскері қаза табады.  Артынша, Қасым сұлтанның екінші бауыры Таныш сұлтанның қол астындағы ел де осы кепті киеді.  Шайбани ханның тегеурінді қимылдарына тойтарыс ұйымдастыра алмаған Бұрындық ханның беделі төмендеп қана қоймай, туған бауырларынан айрылған Қасым сұлтанмен арасы ашыла түсті .

Жоғарыда айтылған жеңістерге масаттанған М.Шайбани 1510 ж. өзінің ең соңғы жорығына шығады. Бұл жолғы мақсат Қазақ Хандығын біржола талқандау еді. Енді ол әскерін Ұлытауда жатқан Қасым сұлттанның ауылдарына бағыттады. Бірақ, жаудың хабарын ертерек естіген Қасым сұлтан дайындалып үлгереді. Оның қосындары Шайбани әскерін Кішітау маңында күтіп алып, тас-талқанын шығарады. Қашқан әскерді Сыр бойындағы Көк Кесенеге дейін түре қуып, осы маңда өзіне туған бөле болып келетін  Мұхамед Шайбанидің негізгі қолын да талқандайды. Осыдан кейін-ақ, ақ кигізге көтерілмесе де Қасымның атағы шартарапқа жайылып кетеді.

Бұрындық хан амалсыз хандықты тастап, Шайбанилік сұлтандарға ерге шыққан қыздарының қолына кетуге мәжбүр болады.

...Қазіргі қазақ тарихшылары, мәселен Талас Омарбеков ағамыз  Бұрындық ханды «жігерсіз», «жасық» деп көрсетіп жүр.

Біздіңше, ол пікір шындыққа мүлдем жанаспайды.

Бұрындық ханның басқа жеңістерін айтпағанда, жігерсіз, жасық адам 40 жылға жуық ел басқара алмаса керек... .

«Батыр аңғал келеді» дегендей, Бұрындықтың батыр болғандығын, шайқас алдындағы жекпе-жектерге басқа батырларды жібермей, түйесіне мініп өзі шығатындығын осы тақырыпқа қалам тартқан барлық тарихшылар жазып жүр.

Бұрындық ханның біздің тарихымыздан өзінің лайықты орнын ала алмауының басты себебін, басқа тұстан іздеу керек:

  1. Бұрындықтан кейін хан тағына отырған Әдік  (Қасымның ағасы) тақта бар болғаны 5-6 ай ғана отырды. Әдіктен кейін таққа отырған Қасым хан Қазақ Хандығын  сол замандағы аса қуатты мемлекеттердің қатарына қоса алды. Қасым ханның  осы еңбегі өзіне дейінгі Бұрындық ханның бар жеңісін тұмшалап тастады деп айтуға болады.

Өзіне жетерлік ақылы бар Бұрындық сұлтан кезінен-ақ болашақта хан тағы үшін өзінің басты қарсыласы Жәнібек сұлтанның ұлдары болатынын сезбей қалған жоқ. Хан тағы үшін туған бауырлар  қолдары дірілдеместен бірін бірі қойша бауыздайтын қатал заманда,  аярлықпен немесе тағы да басқа жолдармен амалын тауып,  Қасым сұлтанды бауырларымен қоса көзін құртуға құдіреті жетіп тұрған кездер болды. Бірақ, Бұрындық ондай амалға барған жоқ!  «Хан» ретінде өзінің потенциалы сарқылғанын терең  түсінген Бұрындық артық әрекетке, қырғынға  бармай, ел аумағын тастап кете барды (Шыңғыс ханның кейбір ұрпақтарының билікке деген амбициясы бұқара халықты қаншама рет қырғынға ұшыратқанын кәрі тарихымыз жақсы біледі. Оны Бұрындық пен Қасымнан кейін бар болғаны 1 ғасырдан кейін орын алған «Қатаған қырғынынан» (Есім хан мен Тұрсын ханның тартысы) жақсы білеміз.

Осы Қасым хан секілді тұлғаны аман-сақтап, хан тағына дейін жеткізген еңбегі үшін де Бұрындықты құрметтеуге болады.

  1. Қазақ халқы әйелінің қолына кіріп алған еркекті  «Күшік күйеу» деп жақтырмайтыны белгілі. Сол секілді, өзін бағатын ұл тәрбиелей алмай, қызының қолына кіріптар болатын адамдарды да қазақ жақтыра бермейді. Бұрындық хан бейнесінің бізге ұнамсыз кейіпте жетуіне осы жағдайдың да әсері жоқ емес.
 

Өмір Шыныбекұлы – тарихшы,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

     


Источник: http://yvision.kz/post/485418