Гүлдарайым Güldaraiym
Ақ көңіл ағызайық әннің майын, Aq köňil ağyzaiyq änniň maiyn,
Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын. Jas däuren şalqyp jatqan aidyndaiyn.
Астынан алты қырдың шыққан даусым, Astynan alty qyrdyň şyqqan dausym,
Жетсе екен құлағына қалқатайдың. Jetse eken qulağyna qalqataidyň.
Қайырмасы: Qaiyrmasy:
Ахау, Гүлдарайым, Ahau, Güldaraiym,
Күн мен айым. Kün men aiym.
Ұшарға қанатым жоқ Uşarğa qanatym joq
Не ғылайын. Ne ğylaiyn.
Жаз шықты жадыратып майдың айын, Jaz şyqty jadyratyp maidyň aiyn,
Әніне басты жадырап Гүлдарайым. Änine basty jadyrap Güldaraiym.
Шығады ащы даусым әнге бассам, Şyğady aşşy dausym änge bassam,
Қарағым сені есіме алған сайын. Qarağym seni esime alğan saiyn.
Қызыл бидай Qyzyl bidai
Қыз емес, қыздың аты қызыл бидай, Qyz emes, qyzdyň aty qyzyl bidai,
Қыз үшін түнде журдім көңлің қимай. Qyz üşin tünde jürdim köňliň qimai.
Қалмады баста бөрік, белде белбеу, Qalmady basta börik, belde belbeu,
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай. Jeňgesin qyzdy auyldyň syilai-syilai.
Қайырмасы: Qaiyrmasy:
Ақау, айдай, Aqau, aidai,
Қызыл бидай Qyzyl bidai
Болғанша жарың жаман Bolğanşa jaryň jaman
О, шіркін, алсын құдай! O, şirkin, alsyn qudai!
Қыз емес, қыздың аты қызыл алма, Qyz emes, qyzdyň aty qyzyl alma,
Жаманға тең болмайтын көзің салма. Jamanğa bolmaityn köziň salma.
Түйедей бойға сеніп босқа қалған, Tüiedei boiğa senip bosqa qalğan,
Үйренбей өнер-ғылым кейін қалма. Üirenbei öner-ğylym kein qalma.
(Қыз емес, қыздың аты – қызыл өрік, (Qyz emes, qyzdyň aty – qyzyl örik
Баршасы бірдей келсін мінез, көрік. Barşasy birdei kelsin minez, körik.
Сыртынан жүзін көрмей құмарланып, Syrtynan jüzin körmei qumarlanyp,
Әркімдер жүрсе-дағы болып жерік). Ärkimder jürse-dağy bolyp jerik).
Қайырмасы: Qaiyrmasy:
Ақау, айдай Aqau, aidai,,
Қызыл бидай Qyzyl bidai
Болғанша жарың жаман Bolğanşa jaryň jaman
О, шіркін, алсын құдай! O, şirkin, alsyn qudai!