Сары өзек полигоны / Казахи / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры












Казахи



Основные темы: история и традиции; менталитет и особенности; наши за рубежом; родственные связи; дружба между народами.

Блог kazakhs
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Сары өзек полигоны

Сарыөзек полигоны

Жуырда «ЗаконKZ» сайтын
оқып отырып қызық материалға жолықтым. Үн қосушылардың бірі «Радиолық қару-
жараққа қарсы қозғалыс алғаш рет Талдықорғанда құрылды» депті. Олжас
Сүлейменовтің бұл істі кейін қолға алғанын келтіріпті. Ойланып қалдым. Сонау
1987-  88 жылғы оқиғаларды еске түсіру
оңай емес екен. Дегенмен де сол жылдары Талдықорған өңірінің Сарыөзек ауданының
аумағына Еуропадан шығарылған, орта қашықтықтағы, жаңылмасам, СС- 20 және СС-
22 ракеталарын жою басталады дегенде ел тітіркеніп қалды. «Семей полигоны аз
еді, мынысы несі тағы да?» деген сұрақ көтерілді. Әскерилердің:

-Ядролық заряды алынып тасталған, жарылатыны отыны
ғана-, дегендеріне тірі жан сенген жоқ.

Расында да, заласыз болса батыстан бері сүйремей
Москваның маңайында- ақ жара салмай ма. Олай істемей, сонша қаржы шығарып тасып
жатыр. Демек ол қатерлі. Осының алдында Талдықорған қаласында Экологиялық
бірлестік құрылып, облыстағы, қаладағы қайсібір келеңсіздіктермен күресе
бастағанбыз. Облыстық екі газетке өткір мақалалар жариялап, радиодан сөйлеп
жүргенбіз. Бүгін өзім де қайранмын, не себеп болғанын білмеймін, өңкей «сен
тұр, мен атайын»  белсенді азаматтар
жиналған алғашқы отырыста осы бірлестіктің басшысы етіп мені сайлады. Ұмытқан
жоқпын, сол жиналысқа облпарткомның, КГБ- ның, прокуратураның, милицияның
қызыметкерлерін шақырғанбыз. Олар қатысты. Кейін түсіндім ғой, мойныма аса
жауапты шаруа жүктелгенін. Нақ сол күні бұған тереңдемеппін.

Полигон мәселесі шу дегеннен- ақ басты тақырыпқа
айналды. Барып көрейік десек, маңайлатпайды. Сол тұста облпарткомның бірінші
хатшысы В. Ануфриев деген еді, түбі Татарстандық. Хат жазып, жағдайды халыққа
түсіндіруін өтініп едік, пысқырған да жоқ. Керісінше, облыстық екі газеттің
редакторларын апарып, соларға  мақала
жазғызып, полигонды ақтауға тырысты. Бұл ел күдігін одан әрі күшейтті. Ең
кереметі, Жетісу экологиялық бірлестігінің жанынан тек осы мәселемен
шұғылданатын «Полигон» атты топ құрып едік, бұл 
ел арасында керемет қолдау тапты. Жан- жақтан хат ағылды.

1

Облыстық партия комитетіне тағы хат жаздық. Бізге
келіп түскен хаттардың ең ашулыларын бірге жібердік. Олар да адам баласы екен, ойланса
керек, идеология бөлімінің меңгерушісі В. И. Метельский дегенге шақырды. Бұ
кісімен көз таныспыз, ештеңе шеше алмайтын, пайдасы да, зияны да жоқ, нанын
тауып жеп жүрген жан болатын. Дегенмен де бардық. Екі- үш сағат бізге басу
айтып, бекер әуреленді. Қасарысып біз де отырып алдық. Ануфриев қабылдасын
деген талап қойдық. Метельский біртіндеп жағдайдың ушығып бара жатқанын
түсінді. Ануфриевке бар әңгімені жеткізуге уәде берді. Ол тұста бұл да үлкен
жеңіс еді.

Мұнымен қарап қалмадық. Біз жағдайдың екінші жағына
ойыстық. Казгидромет ауаны, жер бедерлерін тексергенін естіп, қорытындысын
сұрадық. Олар да маңайлатпады. Алайда, оны бәрібір қолға түсірдік. Жұртына жаны
ашитын қазақ азаматтары тұп- тура түпнұсқасын жеткізіп берді. Сөйтсек, ауадағы
гидрохлорид деген улы зат жел күшімен таудан аса алмаған тұстарда 173 есе,
шұңқырға түскен жерлерде 500 есеге дейін артып кетіпті. Қома- қол мақала
жаздық, мамандардың пікірін жариялауға әзірлендік. Облыстық қазақ газетінің
редакторы Т. Әбдуәлиев сараптаманы көрісімен, «не болса, ол болсын» деп кезекті
санға  басты да жіберді. Ол кезде бұл аса
үлкен ерлік еді. Әншейінде тықақтап шыға келетін цензураның жігіттері де түк
көрмеген бола қалды. Ертесіне- ақ газет хаттың астында қалды. Бір шу шығары
анық енді. Бірақ, «Ақ, аққа құдай, жақ» демекші дәл осы кезде Ануфриев Алматыға
Орталық Комитеттің екінші хатшысы болып ауысып кетті. Орнына Жетісудың тумасы
А.С.Жигулин сайланды. Дереу оған хат жаздық. Көп адам жиналып, қол қойдық.

Не десең де туған жері
емес пе, ол бір топ журналистерді, біздің Экологиялық  бірлестіктің мүшелерін ракеталарды жарып
жатқан жерге өзі бастап барды. Бірнешеуін қатар жарады екен. Үш шақырымдай
қашықтықта тұрмыз. Бұйырық берілісімен ғажап көрініске куә болдық. Аспанға мың
сан шырақ атылды. Тапа- тал түс қой. Соның өзінде көз қарығады. Әуеге шарықтап
көтеріліп алады да, жұлдыздай төмен құлдилайды. Кейбірі жерге жеткенше
сөнбейді. Іле- шала екіншісі, одан үшіншісі... Төрт жарылысқа куә болдық. Алған
әсеріміз керемет! Бірақ, шошынуымыз одан да зор.

Араға аз уақыт салып А. С.
Жигулинге кіріп, полигонға АҚШ- тан сарапшылар келгенін естігенімізді, солармен
кездестіруді өтіндім. Хатшы шамасы келсе көмектесетінін айтты. Шаруа Мәскеудің
құзырында екенін білемін, сонда да үмітпен шықтым.

2

Ғажап, үш- төрт күнде А.
С. Жигулин өзі телефон соғып, бес- алты жігіт кештете полигонға аттандық. Облыстық
парткомның қызметкері Хамидолла

Сағындықов, облыстық орыс газеті редакторының орынбасары Марат Туғанбаев,
облыстық қазақ газетінің бөлім меңгерушісі Қанат Асқар, Облыстық аурухананың
нейрохирурігі Ғали Аринов, облыстық экология басқармасының жігіттері бір топ
болып, екі кештің арасында америкалықтарға келдік. Тірі америкалықтарды
көруіміз осы. Бізге олар жау ретінде оқытылды ғой. Бір қарасақ, кәдімгі адам.
Тез шүйіркелесіп кеттік.  Олар талай
сырдың бетін ашты. Жарылыстың қыруар зиянын, кейін келер зардабын жіпке тізіп
берді. Ғали гитараларын сұрап алып, бірнеше ән айтты. Мәре- сәре болып
қоштастық.

Облыстық
газеттердің кезекті санында жарылыс созыла берсе экологиялық апатқа  апаратыны жайлы  америкалықтардың пікірлері келтірілген «аттандаған»
мақала жарық көрді. Іле- шала іске облыстық кеңестің депутаттары кірісті.
Оларды ұйымдастыруды Тұрсын Әбдуәлиев мойнына алды. Ақыры мәселе облыстық
кеңестің (бүгінгі мәслихаттың) отырысына қойылды. Бұл Үлкен Жеңіс болатын.
Әскерилер де, бізде шақырылдық. Алпыс жыл арындаған әскерилер әлі де аптығын
басар емес. Бой бергісі жоқ. Алайда, депутаттар бар, біз бар білек сыбандық.
Кеңес дәуірінде бұрын- соңды болмаған мінез көрсетіп, әскерилердің әбден
сілікпесін шығардық. Ешқашан беті қайтпаған олар абдырап қалды. Сол кездегі
депутаттар есімде қалмапты, аттарын атаса да болар еді. Ракеталарды жоюдың
залалдарын жариялау және оны халыққа көрсету талап етілді.

Осындай шаралар ақыры өз
жемісін берді. Ракеталарды жоюға сол маңайдың жұрты, аудан басшылығы шақырылды.
Ел арасындағы қарсылық Алматыдағы «мықтыларға» ой салса керек, арнайы келген
Қазкомпартияның екінші хатшысы, Талдықорғаннан өсіп кеткен Ануфриев,
Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мирошник те қатысты. Бұл қайта
айналып соқпайтын сәт еді. Пайдаланып қалуға тиістімін. Қасыма екі- үш
ақсақалды алып, екеуіне амандастық. Ойында түк жоқ Ануфриев қолын берді. Мен
нақ осыны күткенмін. Қолын жібермей тұрып алдым. Әрине, мұным бұзақылық. Бірақ
қажеті осы. Олар халықтың ештеңеден тайынбайтынын түсінуі керек.

-Айтыңызшы, бұл полигон
жабыла ма, жоқ па? Халықты қашанғы сорлата бермексіздер? Мына жұрт осы сұрақтың
жауабын есту үшін жиналды. Сізден жауап естімей тарамайды.                                                                     3

Ол байқұс Мәскеу тұрғанда
не жауап берсін. Оны да білеміз. Біздікі- қасақана қысас. Ерегес, егес шығару.
Төбенің үстінде тұрғанбыз. Ызғырық жел күзгі салқынды одан сайын суытқан. Құлағыма
Жигулин сыбырлайды:

-Босатыңыз, күн суық, олар
жалаң бас қой.

Сарыөзектегі ауданда басшы
болып істейтін Нығымет Сәдуақасқызы апайымыз бар еді, сол кісі де ара түсті:

-Босатсаңшы Камал- ау!

Ет  қызған кез, бұрқ ете түстім, сәл болғанда
тілім тиіп кете жаздады.  Қазір Нығмет
тәтеміз соны анда- санда айтып қояды.  Босатпадым.
Ақыры Ануфриев тіл қатты.

-Шара қолданамыз. Елдің
пікірін көрдік. Ақылдасамыз.

Қазір ойласам, тентектік жасасақ
та, дұрыс істеппіз. Сондай бір шектен шыққан, өрескел қылық қажет болыпты.
Желтоқсанның жарасы қандауырлап тұрған кез ғой. Оның үстіне, Ануфриев 1986
жылғы желтоқсанда Талдықорғандықтардың да көшеге шыққанын, жастарға Сүлейменов
деген милиция полковнигінің өрт сөндіретін машиналардан су шашқанын көзімен
көрген. Оған тоқтамаған соң қала үлкендерін жіберіп, әзер тыныштандырған. Нақ
сол күні облпарткомның бөлім меңгерушісі Сергей 
Соколов обкомның хатшысы Күмісжан Сағындыққызына, өзі секілді бөлім меңгерушісі
Гүлша Тәңірбергенқызына келеді де мына жағдайды айтады:

-Масқара, 5 шағын
аудандағы мектепте 9 сынып оқушысы бунт ұйымдастырды. Балаларға Пушкин туралы
шығарма жаз деген тапсырма беріледі. Ал бір бала міз бақпайды. Мұғалім ескерту
жасаса «Мен азаттық сүйгіш найманмын! Жазбаймын!» депті.

Әрине бұл оқиға Ануфриевке
де жетеді. Осындай өр кеуде ұрпағы бар елмен санасу қажеттігін ол сөз жоқ
ұғады. Полигонда бұл оқиға оның есіне түскен шығар. Қолын жібермей тұрған бір
қазақтан қаймыққаны сол- ау! Қай заманда Орталық Комитеттің екінші хатшысына
осындай зіл көрсетілген!?

Қалай болғанда да СС- 20
ракеталарын жару тоқтатылды. Әкелінеді делінген СС- 22 ракеталары жеткізілмеді.
Полигон біржола жабылды. Не десек те бұл Кеңес Үкіметінің халықтан жеңілген алғашқы
сәті екен. Осыны мақтан тұтсақ болар еді. Бірақ ол тұста мұны кім ойлаған.

Қазір осы материалда аты
аталған азаматтармен хабарласып отырамыз. Америкалықтарға бірге барған
Хамидолла көп нәрсені есіне сақтап қалыпты. Ғалидың ән шырқағанын сол айтты.

Күмісжан
Сағындыққызы оқушының оқиғасын еске түсіріп отырады. Гүлша Тәңірбергенқызы С
.Соколовтың, В .Ануфриевтің қайда жүргенін айтып берді. Нығмет Садуақасқызы
немере күткен әже.

Интернетті әр ашқан сайын түрлі оқиғалар еске
түседі. «Жаужүрек мың бала» атты кинофильмге жазылған коментарийлерді оқып
отырып осы фильм 1999 жылы Алматы облыстық драма театрында «Жауға шапқан мың
бала» атты спектакль болып қойылғаны, театр бүкіл облысты аралап оны
көрсеткені, облыста «Мың бала» патриоттық қозғалысы құрылғаны ойға оралды. Ол
пьессаның авторы мен едім. Дегенмен де бұл келесі әңгіменің желісі.

Камал
қажы Әбдірахман

                                               

5



Источник: http://yvision.kz/post/300005