Төлегетай бабаға ас берілді. Тәуіп Ата кесенесі қайта салынды / Казахи / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры












Казахи



Основные темы: история и традиции; менталитет и особенности; наши за рубежом; родственные связи; дружба между народами.

Блог kazakhs
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Төлегетай бабаға ас берілді. Тәуіп Ата кесенесі қайта салынды

Мына хатты менің қол телефоныма салыпты. Аздаған қатесін түзеп, жариялап отырмын:

«Камал аға! Өткен жұма күні Көтен Тәуіп әулиенің кесенесі қайта салыныпты, телевизордан көріп, тыңдадым. Шүрегеев ақсақал сонда сөйлеген сөзінде кесенені салған үш адамды атапты. Өзі, ұлы және Қазақстанның Премьер- Министрі Кәрім Мәсімов депті. Оның үстіне жақында Талдықорғандық ағаларымыз Қызылорда облысында болып, Төлегетай атаға ас беріпті. Естімей қалдық, біз де барар едік. Сонда атаның жолын салыпты, машина силапты дейді барған кісілер. Сіздің телефоныңызды әзер таптым. Жөндеп айтып беріңізші, Кәрім аға шынында да солай істеді ме? Блогыңызға жазыңызшы! Ініңіз Ерболат.»

Ерболат! Осындай екі бірдей сауапты істің атқарылғаны рас. Алдымен Төлегетай ата туралы. Бабамызға кесене салынғалы бес- алты жылдың жүзі болды. Бірде Қаракерей Қабанбай батырдың кесенесіне Дәлелхан Сабыров інім келді. Екеуіміз 2000 жылдан таныспыз. Қызылордаға жолы түскенде Төлегетай атаның кесенесінде болып, құран оқытыпты.

-Аға, жаңа кесене салу керек екен. Жігіттермен ақылдасып едім, бәрі құп көрді. Ұзатпай қолға алсақ.

Содан Ақсуаттық азамат Қонысбек Ақжасаров бауырымыз кесене салынынған екі жылда бала- шағасын аманат етіп, Жаңақорғанда жатты. Мұхтарбек Әмірханов ініміз жігіттердің басын әлденеше қосып, қаржы жинады. Бір теңгесін шашау шығармай кәдеге жаратты. Осы екі азаматтың еңбегімен Төлегетай Атамызға және оның жанына қойылған Қылышты қожа нағашымызға көз тояр кесене салынды. Сондағы ас үстінде Атаға арнап жыл сайын әр облыс ас береміз деп келіскен едік. Екі жыл, тіпті, жекелеген азаматтар көтеріп кетті. Биылғы кезек Алматы облысына тиген. Талдықорғандықтар мойнына алды. Аманғазы Шегіров аға бас болып жұмылды. Олар Кәрім Мәсімовке хат жазып,  оған Төлегетай Атаның ұрпағы ретінде мынадай өтініштер айтты:

  1. Жаңақорғанның жаңа көпірінен ары қарайғы 25 шақырым жолға асфальт төселмеген. Жол үстіндегі ауылдар топырақ жолдың азабын тартып жүр. Осы мәселені ас берілгенше шешкен жөн.
  2. Кесене маңын абаттандырып, ағаш егу, шарбақпен қоршау қажет.
  3. Шырақшыға трактор сыйлаған жөн.
  4. Шырақшының бір жылдық еңбек ақысын алдын- ала төлеу керек.

Ерболат сенің жазып отырғандарың осы мәселелер. Бұл тапсырмаларды Кәрім бауырың түп- түгел орындады. Мәсімов бұл шаруаларды найман болған соң істеді десек- қателесеміз. Оның атқарғаны- жалпы қазақ халқының ортақ шаруасы. Өзің айтқандай, Кәрім ағаң шынында да солай істеді. Бұл 13 қазанда өткен ас еді. Астанадан бір топ аттанбақ едік. Соңғы сәтте ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің директорлығына жаңа тағайындалған Ержан Бабақұмаров бара алмайтын болды. Оның орнына Министрлер кеңсесінің жауапты қызметкері Гүлмира қарындасымыз қосылып, ас үстінде Кәрім Мәсімовтың хатын оқып берді.

Қазанның 19 жұлдызында Көтен тәуіп әулиенің басына ел өте көп жиналды. Біз- Мақсүт Қалажанов екеуіміз түнде жетіп, кесенеде түнедік. Таң атысымен  жаңбыр басталды, ызғырық соқты. Бірақ оны елеген бір адамды көрмедік. Тәуіп Ата 18 ғасырдың ортасына қарай туса керек. Наймандардың Жетісуға жетіп орналасуы 1810 жылдан бері екенін, Әулиенің ұзақ жасағанын ескерсек, Атамыз не десек те 1830 жылдардан бері дүниеден өтеді. Сонда ол кісі мөлшері 1740 жылдары туады. Сол кезде саз балшықтан төрт құлақ кесене тұрғызылыпты. Оның үйіндісін көрген адамдар әлі де бар. 1950 жылдары шырақшы Дәлкеш ата қамыс пен балшықты араластырып, шошақ зират тұрғызады. Нақ осы зираттың сыртынан 1994 жылы кесене салынды, ұлан- асыр ас берілді.

Атамыздың ұрпағы, Жетісуға белгілі ақсақал Сейдахмет Шүрегеев биылғы ерте көктемде тағы да сол Кәрім Мәсімовпен ақылдасып, зиратты жаңартуды жоспарлайды. Кесене сырты ала жаздай гранитпен қапталып, мұражай салынады. Маңайы толық асфальтталып, 400 шаршы метрге жуық қонақ үй тұрғызылып жатыр екен. Бабаның мәңгі мекенін көрген жұрт таңдай қағысып қалады. Ғажап дүние. Ең кемі 1 миллион доллардай қаржы шығарылғаны құлаққа тиді.

Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов белгіленген уақыттан ерте келді. Жиналған қауымға рахмет айтып, сөзді осы жолы шаруасынан саңылау тауып жеткен Ержан Бабақұмаровқа берді. Ол Кәрім Мәсімовтің еліне жолдаған сәлем хатын Сейдахмет ағасына табыс етті. Жұртшылық оны ризашылықпен қабыл алды.

Сөз кезегі С. Шүрегеев ақсақалға тигенде ол осы кесенені салуға атсалысқан Серік Үмбетовке, Ержан Бабақұмаровқа, ұлы Арманға, Мақсүт Қалажановқа үлкен рахмет айтып,

-Әсіресе Кәрімге мың рахмет! Қаржысын да, көмегін де аяған жоқ.  Атасына нағыз қазақ ұлына тән қызмет етті-, деп аяқтады.

Ас соңы Жорға жарыс,топ бәйге мен аламан бәйгеге ұласты.

Ербол, осы материалды жазу кәперімде жоқ еді. Себебі, телерадио хабарлар берілді, баспасөзге жарияланды. Сенің хатың түрткі болып, міне, оқып отырсың. Енді ойлансам, бұл да артық емес екен. Азаматтар көтерер іс көбейе бергей.

Хабарласарсың.

Камал қажы ағаң.

 


Источник: http://yvision.kz/post/296363