Осы кино экранға шыққан соң ғаламторда әр түрлі пікір айтушылар қатары молайды. Солардың арасынан мына бірі былай депті: «Он шақты жыл бұрын Алматы облысында «Жауға шапқан мың бала» атты пьесса облыстық драма театрда қойылып еді. Бүкіл облысты түгелдей аралап, елге көрсеткенбіз. Авторы Камал Абдрахманов болатын. Бір оқиғаға құрылса да киноның желісі бөлек. Бірақ, театрда ойнап жүріп, өзіміз жылап жүретінбіз. Ал киноның мүмкіндігі театрдан көп қой, сол пайдаланбай қалыпты.» Осы жолдар ойға жетеледі.
Толық текст