"Сабыр халқым!" Ибрагим Ескендір / Казахи / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него.












Казахи



Основные темы: история и традиции; менталитет и особенности; наши за рубежом; родственные связи; дружба между народами.

Блог kazakhs
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



"Сабыр халқым!" Ибрагим Ескендір

Ибрагим Ескендірдің "Сабыр халқым!" әніне әлеуметтік желілерде бейнебаян шығарылыпты. "Үстірт бойын үсік шалса", барша қазақ дем берер демекші, бірлікті ту еткен дана халықтың ұрпағымыз. Бірлігімізге бекем болуға шақыратын әннің бейнебаянын және текстін назарларыңызға ұсынғым келеді.

«САБЫР, ХАЛҚЫМ!»

  1. Сабыр, халқым, емен жарқын,

Сарыныма сал құлақ.

Немді аяймын сенен, халқым,

Жүрек қақты, жан жылап.

Жар астында жау көп екен,

Елдің шеті дүрлікті.

Керек емес дау көп екен,

Ұмыттырған бірлікті.

Қайырмасы

«Азат болсақ, шіркін-ай!» - деп,

Армандаған ел қайда?

Аш па, тоқ па? Бір Құдай деп,

Арды ойлаған ер қайда?

Дүние, малға дауласпауға,

Қолды берген мәрт қайда?

«Бодандықтан босап шықсақ

Болды» - деген серт қайда?

1. Үстірт бойын үсік шалса,

Алтай, Арқа дем берер.

Ерке Есіл, сұлу Сырдың

Пейілімен емделер.

Қазаққа дос – қазақ қана,

Итерсе де далаға.

Өз-өзіңді азаптама,

От жақса да араңа.

Қайырмасы

Өз қолыңмен жасап шыққан

Бостандықтың сарайын.

Өз қолыңмен бұзасың ба

Көзің қиып, ағайын?

Маң далада маң-маң басқан,

Маңғаз едің, нар қазақ.

Өкпе-назға алданбастан,

Өзім деп біл, әр қазақ

Керек бізге сәл дамылдау,

Ашу – дұшпан, ақыл – дос.

Байқамасаң жан-жағың жау,

Тізгін – қысқа, тақым – бос.

Жемқор да бар, қорқау да бар,

Ел арасын ақтарса.

Алаяқтар арқандалар,

Тыныштығың сақталса.

Ата дұшпан байлап, шалып,

Әдеті ғой тор құру.

Аз қазақты айдап салып,

Азаматын қор қылу.

3. Өз қолыңды өзің кеспей,

Сабырыңды саяла!

Бір-біріңді жәбірлеспей,

Атқан таңды аяла!

Ұмытылмақ бүгін неге,

Тоқыраулар әлі есте.

Бұдан жаман күніңде де,

Тойға бардың емес пе?

Қайырмасы

Кешірімшіл ғұмыр кешкен,

Бабам біліп пайдасын.

Атасының құнын кешкен,

Дана қазақ, қайдасың?

«Азат болсақ, шіркін-ай!» - деп,

Армандаған ел қайда?

Аш па, тоқ па? Бір Құдай деп,

Арды ойлаған ер қайда?



Источник: http://yvision.kz/post/212825